Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық модель Үндістанда өтетін халықаралық сұлулық байқауына қатысады (фото)

Сәуірдің 12 мен 22 аралығында Үндістанның астанасы Делиде Supermodel International-2017 сұлулық байқауы өтеді. Жетінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 40 ару қатысады. Олардың 15-і ақтық сынға жолдама алып, бас жүлдеге таласпақ.

IMG_0986-08-04-17-08-55

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Супермодель-2017» атағына Қазақстаннан 18 жастағы сәнбике Эйлем Ахметова таласады.

Эйлем есімі – қазақтың «Әлем» және түріктің «Eylem» (қимыл, қозғалыс) деген сөздерінің қосындысынан құралған. Яғни Эйлем – «әлемнің үздіксіз қозғалысы» деген мағынаны білдіреді.

IMG_1711-08-04-17-08-55

18 жастағы бойжеткен еліміздің оңтүстік астанасы Алматыда дүниеге келген. Ол гуманитарлық-коммерциялық колледждің студенті, болашақ есепші әрі бірнеше тілді меңгерген полиглот. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде еркін сөйлейді, фортепианода ойнайды. Көркемөнер мектебінің сәндік-қолданбалы өнер сыныбын (дизайн, мүсін, кескіндеме) бітірген. Бұдан өзге Эйлем құралайды көзге атқан мерген. Ол садақпен ату спорттық секциясына қатысқан. Бос уақытта баскетболмен, шетел әдебиетін оқумен және ас әзірлеумен айналасады. Одан бөлек, тапсырысқа сурет салады. Саяхаттағанды жаны сүйеді. Уақытының тығыздығына қарамастан, Эйлем түрлі сұлулық сайыстарына қатысып үлгереді.

IMG_1740-08-04-17-08-55

«Мектепте жүргенде ең бойы ұзын қыз болатынмын, барлығы сырт келбетім сәнбике болуға мүмкіндік беретінін айтатын. Тоғызыншы сыныптан кейін колледжге түсіп, модель болып жұмыс істей бастадым. Оқимын әрі жұмыс істеймін. Үздіксіз кастингтер, көрсетілімдер, түсірілімдер, модельдік мектептегі сабақтар шаршатады, ұйқы қанбайды. Дегенмен мұның барлығы өте қызықты. Өз жұмысымды, мына шапшаң ритмді жақсы көремін. Жаңа адамдармен танысу, жаңа елдерге, қалаларға бару… Талантты дизайнерлермен жұмыс істейсің, үнемі жаңа образ ойластырасың. Жалпы дизайнерлердің жұмысын бағалау қиын. Себебі олар адамдарды, жалпы әлемді әдемі етуге тырысады. Ал біз, сәнбикелер оларға көмектесеміз», – дейді Эйлем Ахметова.

Эйлем 4 бірдей модельдік агенттікпен келісім-шартқа отырған: Velada Model Agency (Almaty), Star Model Ajans (Istanbul), Idol Model Agency (Shanghai), Sibmodel management agency (Irkutsk).

Одан бөлек, Эйлем хатшы, хостесс, бет әрлеуші, әкімші, бапкер, репетитор, даяшы, стилист, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырушысы, кеңесші болып жұмыс істеген. Қысқасы Қазақстанның намысын шетелде қорғайтын Эйлем – нағыз әмбебап маман.

«Әрқайсысымыз «Супермодель» атағына лайықтымыз деп ойлаймыз. Әркімнің өз жолы бар. Ал кімнің мықты екенін уақыт көрсетеді. Әрине, іштей барлық басқа қыздар сияқты мен де жеңіске жетуді армандаймын. Дегенмен, бұл байқауға қатысуымның өзі баға жетпес тәжірибе сыйлайды және әрі қарай өсуіме септігін тигізеді деп ойлаймын. Барымды саламын. Velada Models Agency модельдік агенттігі мен кураторымыз Зарина үйреткен дүниелердің барлығын көрсетуге, мінсіз болуға тырысамын», – дейді ол.

IMG_1792-08-04-17-08-55

Эйлем Үндістанда өтетін байқауға жарты жыл дайындалған.

Айта кетейік, «Supermodel International» байқауы — бұл жыл сайын өткізілетін халықаралық беделді сұлулық байқауы. Аталған сұлулық сайысына әлемнің барлық елдері қатыса алады.

Өткен жылы «Супермодель-2016» атағы малайзиялық Жозефине Танға бұйырған.

сән8

сән

сән3

сән4

сән5

сән7

Жіберіп алмаңыз:

“Келін” телехикаясындағы Ананди қазақстандық телехикаяға түсті (фото, видео)

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

“Жаңа толқын-2017” байқауына Қазақстан атынан кімнің қатысатыны белгілі болды

Домбырамен терме айтқан Жазира Байырбекова көпшілікті тәнті етті (видео)

Талқылау