Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы бойжеткен “Орал аруы-2016” атанды (фото)

Облыстық қазақ драма театрында «Орал аруы – 2016» байқауы мәреге жетті.

20160904122752

 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Сұлулық байқауына барлығы 12 үміткер қатысты. Маусым айында іріктеуден өткен олар үш ай бойы би мен актерлік шеберлікке үйренді, түрлі шараларға қатысты.

20160904123104

Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында арулар өздері туралы әңгімелеумен бірге ұлттық киімдермен сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының сауалдарына жауап беріп, ой-өрелерінің қандай деңгейде екендігін танытты.

20160904122748

Ұйымдастырушылардың бірі Көркем Дауымованың сөзіне қарағанда, аталмыш байқауға қатысқан 16-22 жас аралығындағы үміткерлердің бәрі де тиянақты әзірленген.

20160904122744

Ең бастысы, ашық-шашық емес, ұлттық киім киген қыздардың әдемі жүрісі мен қимылдары, өнері мен сауалдарға тиянақты жауап беруі жиналған көпшілікке жақсы әсер қалдырдыайқау қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, 18 жастағы Айнұр Шаймарданова жеңімпаз атанды.

20160904122735

Бірінші орынды Алина Әбдуғалиева иеленсе, екінші орын Вероника Бузовероваға бұйырды. Жеңімпаз Айнұр Шаймардановаға сый ретінде Парижге жолдама берілді. Шаймарданова сонымен қатар бірінші орынды иеленген Алина Әбдуғалиевамен бірге «Қазақстан аруы – 2016» байқауында облыс намысын қорғайды.

20160904122739

Айта кетейік, «Орал аруы – 2016» – қала күні аясында ұйымдастырылып отырған шаралардың бірі.

Талқылау