Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасында нәрестелі болған жасөспірімдер ата-ана құқығынан айырылып зар жылауда (фото)

14 және 15 жастағы Джейден Лавендер мен Дженифер Морисон жуырда ата-ана атанды. Нәрестелі болған жасөспірімдер жаңа туылған қыздарына қамқор болып, оны асырап баққысы келеді. Алайда жергілікті билік оған рұқсат бермей отыр.

nintchdbpict000316371307-e1492287170386

Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Олар Аустралияның Сидней қаласында тұрады. Жұп қыздары дүниеге келгеннен кейін үш күннен соң оны перзентханадан алып қашқан. Себебі әлеуметтік орталық қызметкерлерінің баланы алып кететінін білген.

Іздеуде болған жастар небәрі 16 сағаттан кейін полицияның қолына түсті. Енді олар өрттен қашқандарын айтып ақталуда.

nintchdbpict0003163711591

«Әлдекімнің есіктің жанына келіп от тұтатқанын көрдім. Ол қолына жағармай алып, оны үйдің айналасына құйып шықты. Одан кейін өрт шықты», – дейді Джейден.

«Бар болғаны Пасханы қызымызбен бірге өткізгіміз келді. Себебі біз христианбыз.

Мен оған, ол маған керек. Мен жақсы ана болар едім», – дейді Дженифер.

nintchdbpict0003163711841

Отбасылық мәселелерді қарастыратын билік өкілдері сәбиді ата-анасынан тартып алды. Олар, тіпті, жаңа туған нәрестеге ана сүтін бергізбей отыр. Билік өкілдері кішкентай Арияға қамқор болу үшін ата-анасының тым жас екенін алға тартуда.

Ата-ана құқығынан айырылған жұп енді қыздарын көре алмай қалудан қорқады. Олар Арияны қайтару үшін қолдан келгенше тырыспақшы.

“Мен ол үшін соңына дейін күресемін”, – дейді Дженифер.

nintchdbpict0003163712151

Нәрестенің әжесі, яғни Джейденнің анасы балаларын қолдап отыр.

“Бұл екеуі еш жаманшылық жасаған жоқ. Бар айыптары – кәмілеттік жасқа толмағандарында. Бала аман-сау. Жедел-жәрдем де тексеріс жүргізді. Енді бала анасымен бірге болуы тиіс”, – дейді Трэйси Лавендер.

Жіберіп алмаңыз:

Англиядағы балабақша балалардың арамен ағаш кесіп, батпаққа құлауына рұқсат береді

Анасы 2 жасар қызының суретін Facebook-ке жүктеп, кейін оны порно-сайттан көріп қалған

Ресей тележүргізушісі өз шоуында қазақ әрпінің латынға көшуін әзілге қосты

Егіз қыздарға үйленген егіз ағайындылар бір-бірлерін шатастырып жүр (фото)

Араб жігітті ерекше сұлулығы үшін елден қуып жіберді (фото, видео)

 

 

Талқылау