15 шілдеден бастап жүргізушілерді жаңа айыппұлдар күтіп тұр

Жұма, 7 Шілде , 2017 21:54

2017 жылдың 15 шілдесінен бастап жүргізушілерді жаңа айыппұлдар күтіп тұр.

1341_622x289
Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.

Шілде айының ортасынан бастап Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер өз күшіне енеді. Аталған кодекске ел президенті 2017 жылдың 4 шілдесінде қол қойды.

Жаза жеңілдейді:

  1. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен үш АЕК-ға азаяды. Ал бір жыл ішінде тағы да тәртіп бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
  2. 613 баптан полицейлердің рұқсатынсыз автокөлік салонынан түсіп кететін жолаушыларға қатысты жаза алып тасталынады. Енді олар заң бойынша көліктен шыға алады.

Жазаны ауырлату:

  1. 46 бапқа көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылды.
  2. 596 баптың 3 тармағына (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) мынадай толықтыру енгізілді: оның ішінде «бұрылыс және айналым». Бұдан былай тек қана қарсы бағытқа шыққан автокөліктер ғана емес, тұтас сызық арқылы айналым жасағандар да қарсы жолаққа шыққан деп есептеледі.
  3. Медициналық тексерістен өтуден бас тартқан (613 бап) және көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер бұдан былай екі жылға емес, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.

Жіберіп алмаңыз:

78 жастағы қазақстандық рэпер-әже бүкіл әлемге танылуда (видео)

Пойыз жолсерігі 9 айлық қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді

Қостанайда суға кеткен баларды құтқарған ер адам табылмай жатыр

Пошташысы хатты есікке қыстырып кеткені үшін «Қазпоштаны» соттады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар