14 жасында «Жас қанат» байқауының жеңімпазы атанған Жанар Дұғалова (видео)

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 11:01

Небәрі 14 жасында республикалық «Жас қанат» ән байқауының жеңімпазы атанған Жанар Дұғалованың бүгінде қазақ эстрадасында ойып тұрып алар ерекше орны бар.

дугалова

Жастайынан республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған Жанарды жұрт продюсер Баян Есентаевамен жұмыс істей бастаған соң таныды.

Жанардың «Сүйемін деші» атты алғашқы әні «Ғашық жүрек» фильмінің саундтрегі бола шықты. Десе де ол кезде жұрттың аузында Мөлдір Әуелбекова болғандықтан, Жанар екінші орында тұрды. Бір жағынан фильмдегі образы жағымсыз болғандықтан ба екен, жұрттың көпшілігі оны қабылдай алмады. Кейіннен Мөлдір «Кеш you» тобынан кетіп, орнына Жанар қабылданған кезде де ел арасында неше түрлі әңгіме өрбіді. Кинодағы оқиғаның шынайы өмірде айна-қатесіз қайталанғанын халық бірден аңғарды. Ал Жанар әншілік, актерлік қырынан бөлек, сазгерлік қырынан танылды. Өлең жазатыны тағы бар. Бірнеше фильмге түсіп, лирикаға толы әндер жазып, халықтың жүрегінен орын алды.

«Turkvizyon-2014» байқауындағы жеңісі Жанардың мерейін асырды. Түркі елдері арасынан үздік шыққаны үшін Қазақстан халқы әншіге рахмет айтты. Бүгінде Жанар халықтың ең сүйікті әншілерінің біріне айналды десек, артық айтқандық болмас.

Алайда халықтың ықыласына Жанар бір күнде ие бола салған жоқ. Бала кезден киелі сахнаның «иесі» атанған ол небәрі 14 жасында «Жас қанат» байқауының жеңімпазы атанған. Желіде жеткіншек Жанардың байқаудан кейінгі әсерімен бөліскен видеосы пайда болды. Онда Жанардың өзіне деген сенімсіздігі байқалады. Өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, бәрі-бәрі бүгінгіден мүлдем өзгерек. Әрине, одан бері де 15 жыл уақыт өте шығыпты.

Бір сұхбатында Жанар: «Мен кішкентайымнан әнші болуды армандадым және осы жолда еңбектендім. Ал, отбасым мені толықтай қолдады. «Жас қанат» байқауына қатысу анамның ойы еді. Өз басым көптеген байқауларға қатыссам да мектеп оқушысы болғандықтан «Жас қанаттан» қатты жүрексіндім. Өйткені  осыған дейін мен қатысқан байқаулардың барлығы балаларға арналған болатын. Ал, «Жас қанатқа» келгенімде бәрі жасыма  таң қалған. Сол себепті жеңісімді ең алдымен өзіме дәлелдедім. Себебі қатысушылардың барлығы тәжірибелі әрі жасы жағынан да үлкен болды», – деген еді.

 

Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова магистратураға түсті

Жұрт тізерлеп отырып Жанардың қолын сүйген Ерболаттың қылығын түсінбеді (фото)

Анасы: Жанар өзі аш қалса да, бар ақшасын қайыршыларға беретін

Ағасы Жанар Дұғалова туралы мүлде айтқысы келмейтінін жеткізді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар