Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова магистратураға түсті

Жанар Дұғалова жаңа оқу жылында Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне магистратураға түскен. Жаңалықты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде осы университеттің профессоры Ғарифола Есім айтып қалды.

14272236_1078681248835813_66175546_n

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/

Бұл туралы Baq.kz басылымы хабарлайды.

“Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен Еуразия ұлттық университеті арасында байланыс бар. Өйткені, мәдениеттің тариxы, теориясы болады. Нағыз істерді министрлік атқарады. Ал біз маман даярлаймыз. “Мәдениеттану” мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды оқытамыз.

Сондай-ақ PHD-доктарантура бар. Осы болашақ мамандарды Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық музейге дайындаймыз. Биыл “Мәдениеттану” мамандығы бойынша магистратураға танымал әнші Жанар Дұғалова түсті”, – дейді Ғарифола Есім. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы дәл осы мамандыққа тағы бір қазақ әншісі Қайрат Нұртас та түскен еді.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды

Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді

Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі

Талқылау