Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді
Facebook желісін қолданушы Айдар Қырықбай есімді азамат Жанар Дұғаловаға берілген марапатқа әнші лайықты емес деп есептейді. Өз ойын түсіндіре кеткен желі қолданушысы мұны мәдениет министрлігінің әділетсіз шешімі деп түсінетінін де жасырмаған.
Ол Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер атағына лайықты деп бірнеше жылдан бері сахнада жүрген біраз әншілердің тізімін жасаған.
“Мен олай ойламаймын, Жанар лайықты. Керемет әнші”, – деді Алтай Бақтымбетов есімді желі қолданушысы.
“Айеке, қадір-қасиеті қалмаған атақтар ғой, жүйкені тауысып не қыламыз”, – деген Олжас Беркінбаев есімді азамат.
Желі қолданушылары Жанар Дұғалованы Қазақстанға еңбегі сіңді және ондай марапатқа лайық емес дейтіндер болып екіге бөлінді. Кей азаматтар әншіні киіміне емес даусына қарап құрметтеуді сұрады. Көпшілік Жанар Дұғалованың “Тurkvizyon-2014” байқауында алған жеңісі үшін құрметтейтіндерін жасырмады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

