Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы бала Австралияның жартысын автокөлікке мініп шарлап өткен

Австралияны автокөлікке мініп айналып өткен жасөспірімді полиция тұтқынға алды.

7931336

Бұл туралы The Sydney Morning Herald хабарлайды.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының батысында сенбі күні таңертең құқық қорғау органының қызметкерлері қауіпті қозғалыс жасаған автокөлікті тоқтатады. Тексеру кезінде көлік рөлінде 12 жастағы баланың отырғаны анықталды.

Жасөспірім Кенделл қаласынан Пертке бара жатқанын айтыпты. Полиция тоқтатқанға дейін ол 1300 шақырымды артқа қалдырып үлгерген.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді тұтқынға алып, мән-жайды тереңірек зерттеу үшін оны бөлімшеге алып кеткен. Бұған дейін АҚШ-та YouTube арқылы көлік айдауды үйренген баланың үш шақырымды жүріп өткенін хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды

Неміс қызы үш жыл бойы тырнағын алмай, оны 14,8 см-ге жеткізген (фото)

Талқылау