Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар Бибісара Асаубаева Ресейдің атынан шығып шахматтан әлем чемпионы атанды

12 жасар Бибісара Асаубаева Ресейдің атынан өнер көрсетіп, алғашқы шахмат турнирінде жеңіске жетті. Батумиде өткен сайыста Бибісара Ресейдің намысын қорғады.

450_58164cd0c3784

12 жастағы шахматшы өзінің жас мөлшерінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Сайыс нәтижесі бойынша Бибісара Үндістаннан келген екі қатысушыдан басып озды. Айта кетейік, бұған дейін Бибісара балалар арасында өткен турнирлерде бес рет жеңіске жеткен болатын. Асаубаеваның туған жері – Тараз қаласы. Қазақстанның атынан шығып жүргенде жеткіншек төрт рет әлем чемпионы атағына қол жеткізген еді. Алайда біраз уақыттан бері спортшы жарыс алаңдарына Ресейдің атынан шығып жүр. Есесіне аталмыш жарыста қазақстандық 8 жасар Айша Закирова өз жас мөлшерінде үздік деп танылды.

Жіберіп алмаңыз: 

Шетелдік БАҚ Жәнібек Әлімханұлына Головкиннің ізбасары деген баға берді

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Қанат Ислам мықты қарсыласы Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті (видео)

Қазақстандық боксшы Әли Ахметов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Талқылау