Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Жексенбі, 30 Қазан , 2016 8:11

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында.

1344486203_yra_0112

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзаларынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды»,-делінген министрлік таратқан мәліметтерде.

Аталмыш ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында да жарияланды. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

«Спортшыларға қолданылатын жазалардың мерзімін тиісті халықаралық федерациялар анықтайды. Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп жақын уақытта, осындай жағдайлармен жұмыс жүргізіп отырған шет мемлекеттердің тәжірибелерімен танысатын болады. Және де мәселенің заңнамалық аспектілерін қарастырады»,-деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

«Әділ спорт» қағидалары мен «таза» спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау – Қазақстан Республикасының спорт саласындағы басты бағыты».

Жіберіп алмаңыз: 

Қанат Ислам мықты қарсыласы Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне (видео)

Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің қарсыласын нокаутпен жеңіп кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне жетті (видео)

Жанқош Тұраров кешегі өзіне сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсіріп 20-жеңісіне жетті (видео)

Алматыдағы бокс кеші: Мырсатаев ганалықты қарсыласын рингке шыға сала сұлатып салды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

45
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 4 күні кері

Сол кезде бүкіл тексерістен қалай өтіп кетті.Сол кездегі коммисия не бітірді.Қазақ алға шығып кетті деп басынушылық бұл деген.Қаншама еңбек спортшыларымыздың.

Нұрасыл
1 ай 5 күні кері

Допинг дауы тек қазақ спортшыларына ғана кесірін тигізіп отырған жоқ. Бұл дау қанша спортшының абыройына нұқсан келтіріп, еңбегін еш етіп отыр. Сондықтан, неше жыл өтіп кеткеннен кейін қозғалып отырған дауға келісе салмай, күресіп көру керек.

Айдана
1 ай 5 күні кері

Бұл даудың соңы не болар екен? Спортшылардың дамуына кедергі келтірмесе игі еді…
Қанша еңбекпен келген дүниені, бере салуға келісер ме екен?

Мұқан
1 ай 5 күні кері

Қазақ спорты жылдан-жылға өсіп, өркендеп келеді. Бұл дау біздің спортшыларымыздың абыройын аяқ асты етіп, сағын сындыру. Астарында жатқан саясат осы. Спортшыларымыздың жігерін құм еткісі келгендерге еріп, батырларымызды табаламайық. Қандай жағдай болса да олардың әділ түрде бағаланғандарын әлем көрді. Неше жылдан кейін, бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ. Мен үшін олар – алтынға бергісіз еңбектің иелері.

Ғабит
1 ай 5 күні кері

Спортшылардың олимпиадаға дейін де, олимпиададан кейін де тексерілетінін ескерсек, неше жыл өтіп кеткесін бұл не деген тосын жаңалық? Спортшылардың қанша еңбегі, маңдай-тері ғана емес, елдің абырой ғой. Бұл тек алтынды алумен ғана емес, Қазақстанның атына кір келтіру, спортшыларға деген сенімсіздік ұялату. Ешқашан да келіспеймін.

Шапағат
1 ай 5 күні кері

Қазақтың алтын алған спортшыларының барлығынан допинг табу дегенге сену де ақылға қонымсыз екен. Ең болмаса, бұдан бірнеше жыл бұрын немесе бір-екі спортшыдан табылса онда сенуге болар ме еді. Бүгін келіп бар спортшының марапатын жұлып алып((

Инабат
1 ай 5 күні кері

Өз батырларымызды өзіміз орға жығып, табаламайық. Бір кездері елдің абыройын аспанға көтерген осы қыздар мен жігіттер. Бүгінгі күні аяқ асты шығарылған шешімге сене қалуға да болмайды. Неге осы уақытқа дейін анықталмаған. Арада қанша жыл өткенде неге қозғалып отыр. Егер рас болса министрлік неге спортшылармен кездесіп, ресми мәлімдеме жасамайды

Самат
1 ай 5 күні кері

Қазақ спортшыларына жасалған қастандық. Басқаша суреттеу мүмкін емес. Қанша еңбек пен абыройды аяқ асты етуге жасалып жатқан дүние. Сенбеймін. Сенбеуге шақырамын.

Баян
1 ай 5 күні кері

Спортшыларға жағылған күйеге келіспеймін.Егер солай болғанның өзінде, неге бұған дейін қозғалмаған. Қазақ спортшыларының абыройын түсіру, басқа ешнәрсе емес.

Айдан
1 ай 5 күні кері

Көп асқанға бір тосқан,

1 2 3 5
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар