Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам мықты қарсыласы Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті (видео)

Қанат Ислам шаршы алаңда ганалық Патрик Аллотейді жеңіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күш сынасты, деп хабарлайды Stan.kz.

 1433750079qf99x
Қанат Ислам ойынды соңына дейін жалғастырып, нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қарсыласы да шыдамдылық танытып, соңғы раундқа дейін төбелесуге жарады.

Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Патрик Аллотей осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен, 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген.

Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

Жіберіп алмаңыз:
Талқылау