Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы зейнет жасының неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев зейнет жасының неліктен ұзартылғанын халыққа дұрыстап түсіндіру керектігін айтты.

 

image120840

«Зейнет жасын көтеру жай әншейін деп ойлайсыздар ма?  Қарапайым адам үшін – бұл ауыртпалық. Бірақ, оған сенің балаларың 15 жылдан кейін зейнетақы ала алмайды десең, ол мұны түсінбейді. Оған бізде өмір сүру ұзақтығы көз алдымызда небәрі 10 жылдың ішінде 64-тен 72 жасқа өскенін түсіндіру қажет. Бірде-бір мемлекет дәл осындай уақыт ішінде мұндай өмір ұзақтығына қол жеткізген жоқ», – деді ҚР Президенті.

Елбасының айтауынша, егер зейнеткерлікке шығудың жасын ұлғайтпаса, онда зейнетақыға  төленетін  ақша болмай қалуы мүмкін.  Мұндай жағдай зейнетақының болмауына әкелуі мүмкін.

Талқылау