Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Желіде Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас - Жұлдыз Әбдікәрімова

Жұлдыз Әбдікәрімова той кезінде болған қызықтары туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ- дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз “Қыз Жібек” спектаклінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті “Ешкімге көрсетпеймін” әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз. P.S. Айтпақшы, тағы бір қызық болған. Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті. Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз. Түнгі 2-3тер шамасы. Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз”, – деді ол.

Желідегілер тойдың қызық өткенін айтып, Жұлдызға бақыт тілеуде.

“Өте керемет есте қаларлықтай өтіпті. Тек бақыт тілейміз”, – деп ақ тілегін жеткізді желі қолданушыларының бірі.

“Көркемсің, мінезің де бар сияқты өзіңе лайық. Бір жастықта қартайыңдар. Қайрат та ақылды, қарапайымдылығы да бар”, – деп қоштады екіншісі.

Тағы оқыңыз: 

Дизайнер Жадо тікелей эфирде “Қара жорға” билеп, жұртты таңғалдырды (видео)

Жұрт жаңа босанғанына қарамастан тойға шығып кеткен Салтанатты сынап тастады

52 жасқа толған Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берді (фото, видео)

Қайрат Нұртас отбасымен бірге киелі Ахмет Яссауи кесенесінде болып қайтты (фото)

Талқылау