Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасында 200 келі: Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтап кетті

Индонезияда тұратын Ария Пермана бұған дейін әлемдегі ең семіз бала саналатын. Бүгінде екі есе арықтаған ол футболшы болғысы келетінін айтты.

10 жасында 200 келі: Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтап кетті

2016 жылы 10 жасар Пермананың салмағы 200 келі болған. Салдарынан ол өздігінен жүріп-тұрудан қалған. Сондай-ақ, үнемі өзін аш сезініп, күніне 5 рет балық, сиырдың үлкен бөлігін, күріш пен сорма, түрлі тәттілер жеген екен. Ата-анасы оны диетаға отырғызып, қозғалуға мәжбүрлеген. Ал 2017 жылы балаға асқазанын кішірейту бойынша ота жасатыпты, деп жазады Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

10 жасында 200 келі: Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтап кетті

Бүгінде Пермана 12 жаста. Ол 98 келіге арықтаған. Ендігі оған достарымен футбол немесе бадминтон ойнаған ұнайды. Сонымен қатар ол күнделікті достарымен бірге 5 шақырым қашықтықты еңсереді екен. Тіпті, ол мотоциклмен жүруді үйренген. Ал ата-анасы оған тәттілерді жеуге және газды сусын ішуге тыйым салған.

10 жасында 200 келі: Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтап кетті

«Ендігі мен бақыттымын. Достарыммен серуендей аламын. Қозғала аламые және күнде достарыммен футбол ойнау мүмкіндігіне ие болдым», – дейді Пермана.

10 жасында 200 келі: Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтап кетті

Ол кәсіби футболшы болғысы келетінін мойындады. Бүгінгі таңда ол қайтадан мектепке бара бастапты.

Пермана 2 жасар кезінде бірден тола бастаған. Алайда оның аулындағы дәрігерлер баланың бойынан ешқандай ақау байқамапты. Ата-анасы Пермананы тойдыру үшін, үнемі қарызға ақша алуға мәжбүр болған.

 

Талқылау