Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда перзентханада ауысып кеткен балалар өз ата-анасына қайтып бармай қойды

Үндістанның Ассам штатындағы перзентханалардың бірінде 5 минут айырмашылықпен дүниеге келген сәбилер алмасып кеткен. Араға үш жыл сала ата-аналары өз балаларын тапқанымен, кішкентай бүлдіршіндер туған ата-анасына қайтып бармай қойды, деп хабарлайды ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

2015 жылы 11 наурызда Шахабуддин Ахмед өзінің әйелі Сальма Парбинді Мангалдои қаласындағы ауруханаға жеткізген. Бір сағаттан кейін әйелі босанып, ұл баланы дүниеге әкелген. Алайда бір аптадан кейін Сальма Парбин күйеуіне баласының алмасып кеткенін айтыпты.

«Ол бұл біздің баламыз емес деді. Мен оған: «Не айтып тұрсың? Жазықсыз бала туралы бұлай айтуға болмайды», – дедім. Осы кезде әйелім перзентханада өзімен бірге бодо тайпасынан шыққан әйел жатқанын және екеуінің балалары алмасып кеткен болуы мүмкін екенін айтты. Мен оған сенбедім. Бірақ ол айтқанынан қайтпады», – дейді Шахабуддин Ахмед.

Сальма Парбиннің айтуынша, ол бастапқы уақыттан-ақ Джонайттың өз ұлы емес екенін сезген.

«Мен оның түрін көргенде, ішімде күдік пайда болды. Перзентханада өзіммен бірге жатқан әйелдің түрін есіме түсірдім. Бала соған ұқсайтын еді. Оны баланың көздерінен түсіндім. Оның көздері кішкентай. Ал менің отбасымдағылардың ешбірінің көзі кішкентай емес», – дейді Сальма.

Мұнан кейін Ахмед өз күдігін перзентханааның меңгерушісіне айтыпты. Алайда ол ер адамға әйелін психиатрға көрсетуге кеңес беріпті.

Оған көнбеген Ахмед осы ауруханада 11 наурызда дүниеге келген балалар туралы ақпарат алған. Ол бодо тайпасынан шыққан әйел туралы анық білгісі келген екен. Осы кезде Ахмед дәл осы әйелдің баласы мен өз баласының арасында көп ұқсастық бар екенін аңғарған: екеуі де 5 минут айырмашылықпен дүниеге келген және салмақтары 3 келі болыпты.

«Мен олардың ауылына екі рет бардым. Бірақ үйіне кіруге батылым жетпеді», – дейді Ахмед.

Мұнан кейін Ахмед бодо тайпасынан шыққан әйелдің отбасына хат жолдап, балалардың ауысып кеткен болуы туралы хабарлаған.

Ерлі-зайыпты Анил мен Шевали Бороның Ахмедтің үйінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан екен. Олар баласының ауысып кеткені туралы білмеген. Мұндай хаттан кейін төбесіне жай түскендей болған ерлі-зайыпты мен туыстары алғашында бұл ақпаратқа мүлдем сене алмапты. Алайда олар кездескенде бәрі өзгеріп сала берді.

«Мен оны көргенде, әкесіне ұқсайтынын бірден аңғардым. Көңілім түсіп, жылап жібердім. Біз бодо тайпасынан шыққанбыз. Сондықтан басқа ассамдықтарға немесе мұсылмандарға ұқсамаймыз. Біздің көзіміз жоғары орналасқан, ал бетіміз томпақ, қолымыз толығырақ. Бет-әлпетіміз моңғолдарға келіңкірейді», – дейді Шевали Боро.

Ал Сальма Парбин өзге отбасында өсіп жатқан Риян Чандраны көре сала, оның өз баласы екенін аңғарған. Ол бірден балаларды алмастырғысы келіпті. Алайда Анил Бороның анасы қарсы болған екен.

Мұнан кейін Ахмед аурухана басшылығын болған оқиғаны тексеруге мәжбүрлеген. Алайда сол күні перзентханада кезекші болған мейірбикемен сөлйескеннен кейін, аурухана өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған.

Амалы қалмаған Ахмед 2015 жылдың тамыз айында өзінің, әйелі мен баласының қан үлгілерін ДНҚ сараптамасына жібереді. Сараптама нәтижесі олардың күдігін растаған. Ахмед қолындағы айғағымен желтоқсан айында полицияға шағымданыпты.

Ер адамның шағымынан кейін инспектор Хеманта Баруа сәбилердің перзентханадан шығарылғандағы анықтамасын алып, тергеу кезінде екі отбасына да барған.

2016 жылы инспектор екі отбасынан алынған қан үлгілерімен Колката қаласына келген. Алайда өтінімде қате жіберілгендіктен, жергілікті сот зертханасы қан үлгілерін тексеруден бас тартады.

Мұнан кейін олар қайтадан қан үлгілерін арып, штат астанасы Гувахатидеге сот зертаханасына тапсырған. Сараптама нәтижесі балалрдың ауысып кеткенін растаған.

Инспектор Баруа Ахмедке балаларды ауыстырып алу үшін сотқа жүгінуге кеңес берген.

4 қаңтарда екі отбасы сотқа жүгініп, өз балаларын қайтарып алмақ болған. Алайда кішкентай бүлдіршіндер өзі өскен отбасынан кеткісі келмепті.

«Сот балаларымызды ауыстыруымызға болатынын айтты. Бірақ бұлай жасай алмадық. Оларды үш жыл бойы бағып-қақтық. Жай ғана жібере алмаймыз», – дейді Сальма Парбин.

Анил Бороның айтуынша, балаларды кішкентай кезінде қайта ауыстырып алу олардың психикасына зиянын тигізеді. Себебі балалардың өзін өсірген отбасыға бауыр басып қалғаны анық.

Десе де екі отбасы арасында діни айырмашылық бар. Алайда Ахмед бұл мәселеге бас қатырмайтын сыңайлы.

«Баланың аты бала. Ол – Құдайдың сыйы, мұсылман да, үндіс те емес. Олардың бәрі бірдей болып дүниеге келеді. Уақыт өте келе мұсылмандық немесе индуистік дінді қабылдайды», – дейді Ахмед.

Сондай-ақ, Ахмед балаалрды қазір ауыстырса, олар жаңа өмірге үйренісіп кете алмайтынын айтты. Себебі олардың өмір салты, тілі, мәдениеті және тағамдары да әр түрлі.

Ал екі баланың да аналары кішкентайынан өзі бағып-қаққан баласын қимағанымен, 9 ай бойы құрсағында көтерген баласымен арада байланыс барын да жасырмайды.

Ата-аналар балалары ер жеткен кезде қай отбасын таңдайтынын өздері шешеді деген мәмілеге келген.

Десе де қазіргі уақытта отбасылар жиі кездесіп тұруға тырысуда. Осылайша өз балаларының өмірінен орын тауып, тағдырына бей-жай қарамайтындарын сездіргісі келеді.

Оқи отырыңыз:

Әйел ауа орнына от үрлеген феннің кесірінен өртеніп кете жаздады (видео)

Қытайда мұсылмандар лагерьлерге қамалып жатыр

Дронның кесірінен әуе апаты орын ала жаздады (видео)

Қалыңдық тойына 10 күн қалғанда у ішіп, экс-жігітіне видео жіберген

Талқылау