Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашуланған піл фермерді таптап өлтірді (видео)

Үндістанда пілдің шабуылынан шаруа қожалығымен айналысатын жұмысшы қаза тапты.  Жабайы жануардың фермерге шабуылдап, оны таптап кеткені түсірілген видео желіні шулатты. Жантүршігерлік оқиға Бангарапет қаласының маңындағы Андхра-Прадеш штатында болды.

Видеода суда жүрген пілдің өзен жағасына шығып  адамдарға шабуыл жасағаны көрсетілген. Ашуланған пілден қашып құтыла алмаған шаруа қожалығының қызметкері жабайы жануардың аяқ астында қалып, мерт болды. Оқиға куәгерлері құтырған пілді тоқтатуға тырысқанымен, алып жануар оған мүмкіндік бермеді.

Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жабайы жануардың шабуылынан үнді азаматы оқиға орнында жан тапсырды. Фермердің жерлеу рәсімі 25 ақпанда болды. Мемлекеттік орман шаруашылығы департаменті қаза тапқан адамның отбасына 7,7 мың доллар  көлемінде өтемақы төлеуге келісті.

Жіберіп алмаңыз:

Періштесі қақты: 9-қабат терезесінің алдында ойнап жүрген бала жұртты шошытты

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті

12 жасында ағасынан бала туған бойжеткен екінші рет ана атанды (фото)

 

Талқылау