Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Небәрі 38 жаста еді": Аша Матай ағасынан айырылып қалды

Танымал әнші Аша Матайдың туысқан ағасы дүниеден озды. Жақында өнер иесінің қайын атасы дүниеден өткен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/

Эстрада жұлдызы қайын атасын есіне алып, жазба жариялады. 

“Қайын атамның қайтқанына – 40 күн. Қолдау көрсетіп келген, хабарласқан әр жанға алғыс айтамыз. Құдайым сауаптан жазсын. Жүрегіміз тілім-тілім, еңсемізді енді көтереміз дегенде, әкемнің інісі, менің ағам Досербеков Дарын Сансызбайұлы бақилық болды. Бүгін Талдықорған қаласында жаназасы мен асы өтті. Біз жолдасыммен бара алмадық. Өз жұртым, ата-анам сол жақта. Жасы небәрі 38-де еді. Қайтеміз, Алланың жазғаны. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Жылы сөздеріңізге рақмет инста достарым. Отбасыларыңыз аман, үйлеріңізде той, қуаныш көп болсын!”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесінің қайын әпкесі де әкесінің жақсы адам болғанын жазып, сағынышын жеткізді.

“Әкем бұл өмірдегі ең жақсы адам еді. Ең мейірімді, ақ көңілді, ашық адам. Барлық туған туыс, дос, көрші, үлкен-кіші барлығымен жақсы араласып, басын қосып, қолындағысын ойланбай бере салатын адам еді. Аузын ашса жүрегі көрінетін. Иманы өте күшті, 20 жыл намазын оқыған, оразасын ұстаған, кіші қажылыққа барып, біздің барлығымызды Ислам дініне жақындатқан еді. Дүниеден өтерінде тілін кәлимаға келтірді”, – деп жан тебірентерлік жазба жариялады.   

Желі қолданушылары Ашаның ағасы мен қайын атасына көңіл айтып, иман байлығын тілеп жатыр. 

 

Талқылау