Журналист Мұхтар Атабек өмірден озды
Қазақстанның мәдениет қайраткері, журналист Мұхтар Атабек 54 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Turkistan телеарнасына сілтеме жасап.

Мұхтар Орынтайұлы Атабек 1967 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылында туған.
Журналистік қызметін республикалық "Жас Алаш" газетінен бастаған.
1996-1998 жылдары мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза" – "Преступление и наказание" газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.
1997-2001 жылдары Қазақ радиосының Астана студиясында редактор болды.
2001-2005 жылдары тәуелсіз "Замана" және облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде редактор, жауапты хатшының орынбасары болған.
2005 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Оңтүстік" телеарнасында редактор, бас редактор қызметін атқарған.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады