Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Асхат Ниязовтың жақындары мен әріптестерінің WhatsApp-ына кибершабуыл жасалды

Белгісіз хакерлер Қазақстандағы "әкімдер" туралы бағдарлама дайындайтын белгілі журналист Асхат Ниязовтың, оның ата-анасының, әйелі мен әріптесінің WhatsApp нөмірлерін бұғаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Достар, менің WhatsApp-ым бұғатталды. Түнде әйелімнің, ата-анам мен әріптестестерімнің желідегі қосымшасына тосқауыл қойылды", – деп жазады Асхат Ниязов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Журналистің әлеуметтік желілеріне шабуыл 2023 желтоқсан айының соңында басталды. 

Асхат Ниязов желтоқсанда оның әлеуметтік желілерінің жұмысында ақаулық бар екенін және бір мезетте әйеленің Instagram парақшасы мен әріптесі Назымгүлдің парақшасына бұғатталған. Сол түні оның телеграм каналы да шабуыл жасалғанын айтты.

Бұдан бөлек, оның Youtube арнасындағы бейнежазбаларға мыңдаған сын-пікір мен балағат сөздер жазылған. 


Кейінгі уақытта қазақстандық журналистер белгісіз тұлғалардың қысымына және кибершабуылдарына тап болды. 2023 жылдың желтоқсанында қазақстандық басылым Kursiv-ке, сонымен қатар Protege-ге бір айда төрт рет кибершабуыл жасалған. 
ҚазТАГ редакциясының сайты да кибершабуылдардан тасада қалмады.

Еске сала кетейік, Аркадий Клебанов журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірді, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке мәліметтерді бұзды, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартты, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзды және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді деп айыпталған еді.

Сот үкімінің шешімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-ші “Қауіп-қатер”, 147-ші “Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу”, 158-ші “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202-ші “Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-ші “Бұзақылық” баптарымен қарастырылған айыптар тағылды. Сотталушы істеген әрекетін мойындады.

Алайда қылмыстық істі тергеу барысында Клебановқа қатысты 2023 жылы 24 сәуір және 6 маусымда екі сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Айыпталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Сотталушының заңды өкілінен материалдық және моральдық шығынды өтеу үшін 14 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.

Талқылау