Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізушілердің айыппұлға төлеген ақшасы қайтарылатын болады

Өскеменде "Сергек" бақылау камераларының дұрыс емес ақпарат бергендігі үшін айыппұл төлеген жүргізушілерге олардың ақшасы қайтарылатын болады. Желтоқсан айында өздерінің жол ережесін бұзды деп айыптап, қағаз алған жүргізушілер өздерінің кінәлі еместігін айтып, жаппай наразы болған. Бұл жағдайдан кейін арнайы тексеріс құрылып, мәселенің мән-жайы анықталыпты. Артынша бағдарламаны құрастырып шыққан мердігерлер өз кінәлерін мойындап, жүргізушілерге ақшалары қайтарылатын болатыны жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1 арнасына сілтеме жасап. 

"Белгілі себептерге байланысты мәселені бірден шеше алмаған болатынбыз. Десек те қазіргі таңда бұл жағдай түбегейлі қолға алынды. Заңға сәйкес келмейтін жағдайларға байланысты айыппұл төлеуге мәжбүр болған жүргізушілердің барлығына да қоңырау шалынды. Оларға ақшаларын қалай қайтарып алуға болатыны түсіндірілді", - деді "Көркем телеком" ұйым филиалының директоры Алексей Снегур. 

Алдағы уақытта ешкімнің өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуінің қажеті болмайды.  Ал айыппұл төлеген адамдардың ақшасы олардың есепшотына немесе банктік карталарына аударылатын болады. Дегенмен "Сергек" бақылау камераларына тек жүргізушілер ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да наразы көрінеді.

Әлеуметтік желілерде ер азамат терезесінің алдына орнатылған камераны видеоға түсіріп, өзінің ренішін білдірген болатын. Оның айтуынша, тұрғын камера орнатылған терезенің бөлмесінде күнделікті үй жұмысын істеуден қалыпты. Ақырында оның бұл видеосынан кейін бейнебақылау камерасы басқа жерге орнатылыпты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...