AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрек тұсына пышақ сұққан: Тараз қаласының тұрғынын 23 жастағы азамат өлтіріп қоя жаздады

Тараз қаласының тұрғынын 23 жастағы азамат өлтіріп қоя жаздады. Күдікті оның кеуде тұсына пышақ сұғып, ауруханадан бір-ақ шығарды. Жәбірленуші дәрігерлердің көмегінің арқасында аман қалып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Желіде таралған видеодағы кадрдан белгісіз азаматтың бір көтеріліп, қайта құлағаны көрінеді. Сөйтсе оның жүрек тұсына пышақ қадалған екен. Оқиға былай болған. Ішімдікке сылқия тойып алған 23 жастағы жігіт кафеден шыққан жергілікті тұрғынға өзі келіп тиісіп, артынша жанжал туындайды. Сол кезде күдікті оған пышақ ұрған. Өзі сол жерден қашып кетеді.

Ал қансыраған жәбірленушіге жедел жәрдем шақырылып, ол шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Қаскөй алысқа ұзап үлгермеді. Оны тәртіп сақшылары көп кешіктірмей қолға түсірді.  

“Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталумен сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде "Күзетпен ұстау" қолданылып, тергеу судьясымен санкцияланды”, – дейді Жамбыл облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр