"Жүгір немесе өл": Еліміздің жасөспірімдері арасында қауіпті ойын таралуда
Қазақстандық жасөспірімдер арасында жаңа қауіпті ойын қарқын алуда. Ойын шарты бойынша олар көлік, автобус немесе пойыз алдынан жолды кесіп өту керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
“Жүгір немесе өл” ойыны бойынша балалар қауіпті нәрсе жасап, содан кім тірі қалып, жеңуі тиіс. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескертуде.
Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.
“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.
Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір біріне ескерту жіберуде.
“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жігіттерді көрсеңіз, абай болыңыздар”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды