Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолға шығып кеттік": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан шыққаннан кейін ерекше жерге барды

Жақында ғана ауруханадан шыққан актриса, продюсер Жұлдыз Әбдәкәрімова балаларымен уақыт өткізіп, ерекше жерге саяхаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі екі аптадай ауруханада жатып, ем қабылдаған еді. 

“Дауасы осы болды… Екі жұма клиникада ем алып жатқанда, осыны ойладым. Шыққан бойда балаларымды құшақтап, Бурабайға кетемін дедім. Үйде оларға бас-көз болып отырған әпкеме бұл ойымды айтқанда бірден қолдай кетті.
Қаудаланған жұмысты да, жауапсыз қалған қоңырауларды да, бәрін-бәрін шегеріп тастап, жолға шығып кеттік. Тыныштығым осы ма дерсіз?! Балаларымның күлкісі, сұлу табиғат, жылқы, тау мен тас, ну орман, өзен-көлдер… Дауасы осы екен”, – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар киножұлдыз балаларының ерекше мінезін де әзілмен жеткізді. 

“Бір анадан туған екі әлем. "Өзін тапсам да, мінезін туған жоқпын!" дегенді бала күнімде әжемнен еститінмін. Соны енді түсініп келем. Алауым жақсылап түсіндіріп жүр". Ұлдарымның қанша жерді көрсе де, туған елін сағынып жеткенін көргім келеді. Мысырды билеген Сұлтан Бейбарыс та туған жердің жусан иісін аңсамап па еді?! Жігіттер өскен сайын туған елдің әрбір бұрышын, тау-тасын көріп, жүрекке махаббатпен бекемдесе екен деймін. Себебі отан осылардікі ендігі”, – деді продюсер. 

Айта кетейік, желі қолданушылары ауруханада жатқан әйелінің жағдайына алаңдамаған Қайрат Нұртасты сынаған еді. 

Талқылау