Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда 10 жасар қыз өрт сөндіру көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)

Алматыдағы Шаңырақ-6 шағын ауданында өрт сөндірушілер көлігі жолдың өтуге болмайтын бөлігінен кесіп өтпек болған қызды қағып кетті. Салдарынан 10 жасар қыз оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда 10 жасар қыз өрт сөндіру көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)

Сурет: Sputnik Қазақстан

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндіру көлігі Қошқарбаев көшесімен келе жатқанда, екі қыз жолдың өтуге болмайтын бөлігінен кесіп өтпек болған. Ал үшінші қыз олардың артынан жүрген. Арнайы көлік жүргізушісі жылдамдықты баяулатып, сигнал берген. Алайда қыз жолдың ортасында тұрып қалған. Мұнан кейін, ол белгісіз себептермен бірден алға қарай қозғалған.

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда 10 жасар қыз өрт сөндіру көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)

Осы кезде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі қызды қағып кетпес үшін, рөлді солға бұрып, бірден тоқтаған. Алайда көліктің артқы дөңгелегімен қызды басып өткен екен.

10 жасар жедел жәрдем жеткенше оқиға орынында тіл тартпай кетті.

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда 10 жасар қыз өрт сөндіру көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)

Жол полициясы мен қылмыстық полиция қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда екі автобус соғылып, жүкті әйел мен кішкентай бала зардап шекті (фото)

Алматыда жол апатына ұшыраған көліктен 7 жасар бала ұшып кетті (фото)

Ақтауда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген балаларға оқ жаудырған (фото)

Павлодарда автокөлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылды (видео)

Талқылау