Жол жиегінде жалғыз келе жатқан: Ақмола облысында бес жасар қыз адасып кеткен
Ақмола облысы Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне телефон хабарламасы келіп түскен. Кішкентай қыз ауылда жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы ақпарат пен баланың белгілері полицияның барлық бөлімшелеріне тапсырылған.
Қыздың әкесінің түсіндіруінше, олар Бурабай ауылына туыстарымен демалуға келген. Ол баланы туыстарымен бірге жүр деп ойлаған. Қыз ойнауға шығып кетіп, жоғалған. Ол үйді өз бетінше табуға тырысқанымен, таба алмаған.
Көшелерді аралап жүрген полиция инспекторлары жол жиегінде жалғыз келе жатқан бес жасар қызды байқайды. Тәртіп сақшылары баланы ауылдың ішкі істер бөліміне жеткізіп, қызды ата-анасына тапсырды.
“Полиция қызметкерлерінің келісілген іс-әрекетінің арқасында қызымды жылдам тапты. Оларға көп рахмет”, – деді қыздың әкесі.
Кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады
Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа жұмыс орындары көп ашылады
Алматы қаласында жаңадан құрылған жұмыс орындарына 19 820 адам қабылданған