Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер көлік жүргізушілеріне неліктен ұнамай қалды

Олардың айтуынша, бұл түзетулер тек жүргізушілерді уақытша алдарқату ғана. Алдағы бірер жылда жағдай бәз-баяғы қалпына қайта келеді дейді, деп хабарлайды КТК.

Айта кетсек, әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне жасалған түзетулер 9 қаңтардан бастап күшіне енген болатын. Кодекстің 40 тармағы қайта түзетілген.

Жазаны жеңілдету бір бөлек. Мәселе оның мөлшерін белгілеуде болып тұр ғой. Қазір мәнісін түсіндірем. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі 40 тармақтың бәрінде де айыппұл көлемі азайтылған. Бұл өзгерістер көлік тізгіндегендер жақсы білетін сақтандыру, жол қозғалысы ережесін бұзу немесе бірнеше рет қайталану сияқты  жағдайлардың бәрін қамтыған.

Төмендетілген айыппұл мөлшерінің ең көлемдісі  мүгедектер орнына тұрып алатындарға қатысты. Әдетте мұндай әрекеттер үшін полицейлер қатты жазалайтын. Енді оның ақысы 113 450 теңгеден 24 мың теңгеге бір-ақ төмендетілген. Жаяулар жолағына қатысты тәртіптің ақысы да екі есеге азайған. Жүргіншілерге жол бермеу жағдайларында жүргізушілер полицияның қолына түссе бұрынғыдай 20 емес, 10 АЕК-ке жегіледі.

Жолда жылдамдығын тиісті межеден арттырып жібергендерге де жаза бұрынғыдай емес. Оның ақысын да бір жарым, екі есеге дейін азайтып жіберген.Мәселен, жүріс жылдамдығы рұқсат етілген деңгейден сағатына 10-20 шақырым аралығында асып кетсе, жүргізуші 10 емес, 5 АЕК көлемінде төлейді. 20 мен 40 аралығында 10, сағатына 40 шақырымнан да асып кетсе, 20 АЕК-ке тең айыппұл төлейді. Айыппұл төлеуде бақылау камерасына түсіп қалған жүргізушілерге үлкен жеңілдік қарастырылған.

“Жол ережесін бұзу мысалы сертификациядан өткен құралдарға бейнебақылауға түсіп қалған кезде оның мөлшері жеңілдетілген түрі болмайтын. Ал осы 9-желтоқсаннан бастап 7 күннің арасында оны 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұлды төлеуге мүмкіндік бар”, – дейді  Астана қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі София Қылышбекова.

Бұл Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген түзетулердің ең негізгілері. Бірақ, қоғамдық ұйым өкілдері жаза жеңілдетілді деген жәй сөз ғана дейді. Өйткені, оның да өзіндік құйтұрқылығы бар екен.

“Қазіргі төмендетілген айыппұлдар алдағы 2-3 жылда қайтадан өз орнына келеді. Әрине, бұл жүргізушілер арасындағы әлеуметтік ауыртпалықты уақытша жеңілдету ғана. Бірақ, жағдайды түбегейлі өзгерпейді. Біздің ұсынысымыз, айыппұлды айлық есептік көрсеткіш емес, тиянақталған түрде төлету керек”, – дейді «ОСА» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан Лазута.

Бірақ, ұсыныс әзірге ескерусіз сияқты. Енді осы айтылған айыппұлдарды төлеу мәселесінде де бірнеше мүмкіндік ұсынылып отыр. Яғни, ақша санап, пошта жағалаудың қажеті жоқ. Үкіметтің «egov» порталы бұрынғысынша қызмет етіп тұр. Оған әрбір жүргізуші тіркеліп, сосын жеке иденцификалық коды мен құпиясөзін енгізіп, кәдуілгі сайт қолданушысы ретінде тиісті ақысын онлайн төлей алады. Сонымен бірге, төлемнің мобильді қосымшалары да қарастырылған. Осы кодекстегі түзетулерге қатысты кез келген сұрақтар бойынша әрбір адам мына телефондарға хабарласып, керекті ақпаратын біле алады.

Жалпы, осы айыппұл төлемдерінің барлығында да түбіктер алу қажет емес. Яғни, әкімшілік полиция органдарында ешкім оны сұрамайды. Барлығы электронды түрде базаға тіркеліп тұрады.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Алматы облысында балаларының өлі не тірі екенін білмеген аналар зар жылады

Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

Талқылау