Жол белгілері қандай болады және олар нені білдіреді?
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жол белгілері 7 санатқа бөлінеді. Дегенмен, жол белгілерінің нені білдіретінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Соған орай Stan.kz оқырмандар назарына жол белгілерін іріктеп, олардың қазақша атауын ұсынады.

1. Ескерту белгiлерi

1.1. "Шлагбаумы бар темiржол өтпесi".

1.2. "Шлагбаумы жоқ темiржол өтпесi".

1.3.1. "Бiр жолды темiржол".

1.3.2. Көпжолды темір жол.

1.4.1 Теміржол өтпесіне жақындау.

1.5. "Трамвай желiсiмен кесiп өту".

1.6. "Тең мағыналы жолды кесiп өту".

1.7. "Айналысты қозғалыспен кесiп өту".

1.8. "Бағдаршам реттеуi". Қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн қиылыс, жаяу жүргiншi өтпесi немесе жол учаскесi.




1.13. "Тiк еңiс".

1.14. "Тiк өрлеу".

1.15. "Тайғақ жол". Жүрiс бөлiгiнiң қатты тайғанақ жол учаскесi.

1.16. "Тегiс емес жол". Жүрiс бөлiгiнде тегiс емес жерлерi бар жол учаскесi (толқынданған, шығыңқы, көпiрлермен үйлесiмсiз жалғасқан және с.с.).


1.17. "Қиыршық тас шашылған". Қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылардың көлiк құралдарының дөңгелегi астынан шашырауы мүмкiн жол учаскесi.

1.18.1. "Жолдың тарылуы".

1.18.1.-1.18.3. "Жолдың тарылуы". 1.19. "Екiжақты қозғалыс". Қарама-қарсы қозғалысты жол учаскесiнiң (жүрiс бөлiгiнiң) басталуы.

1.20. "Жаяу жүргiншi өтпесi".

1.21. "Балалар". Жүрiс бөлiгiне балалар шыға келуi мүмкiн балалар мекемесiне (мектептер, сауықтыру лагерлерi және сол сияқтылар) жақын жердегi жол учаскесi.

1.22. "Велосипед жолымен қиылыс".

1.23. "Жол жұмыстары". Бұл белгi жүріс бөлiгiнде қысқа мерзiмдiк жұмыстар жүргiзiлген кезде жұмыс жүргiзiлетiн жерге дейiн 10-15 м ара қашықтықта орнатылуы (7.1.1. табличкасыз) мүмкiн.

1.24. "Мал айдау".

1.25. "Жабайы хайуанаттар".

1.26. "Тас түсу". Опырылып құлау, ысырма жүру, тас түсуi мүмкiн болатын жол учаскелерi.

1.27. "Бүйiрден соғатын жел".

1.28. "Төмен ұшатын ұшақтар".


1.30. "Басқа қауiптiлiктер". Басқа ескерту белгiлерiмен көзделмеген қауiптiлiктерi бар жол учаскелерi.м

1.31.1. "Бұрылыс бағыты".
2. Басымдық белгілері

2.1 "Басты жол". Реттелмейтiн қиылыстарда басымдылықпен өту құқығы берiлген жолдар.

2.4 "Жол берiңiз". Жүргiзушi қиылысатын, ал 7.13 табличкасы болғанда басты жолдың бойымен қозғалатын көлiк құралдарына жол беруi тиiс.


2.6. "Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы". Егер бұл қарама-қарсы қозғалысты қиындататын болса, жолдың тар учаскесiне шығуға тыйым салынады. Жүргiзушi тар учаскедегi немесе қарама-қарсы оған кiру жолындағы қарама қарсы көлiк құралына жол беруi тиiс.

3. Тыйым салатын белгілер





3.5 "Мотоциклдердiң қозғалысына тыйым салынады".

3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады". Тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады.


3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады.

3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.

3.15 "Ұзындықты шектеу". Көлемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады.

3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады.



3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.










4. Нұсқаушы белгілер


4.2.1 "Кедергiнi оң жағынан айналып өту".

4.2.3 "Кедергiнi оң немесе сол жағынан айналып өту". Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етiледi.

4.3 "Айналма қозғалыс". Бағыттауыштармен көрсетiлген бағытта қозғалуға рұқсат етiледi.

4.8. "Ең төменгi жылдамдықты шектеу аймағының соңы".
5. Ақпараттық-нұсқағыш белгілер

5.1. "Автоарна". Ережелердiң талаптары қолданылатын, автоарналар бойынша қозғалыстың тәртiптерiн белгiлейтiн жол.

5.2. "Автоарнаның аяқталуы".

5.10.1. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жол". Маршруттық көлiк құралдарының қозғалысы көлiк құралдарының жалпы легiне қарсы арнайы бөлiнген жол жолағында жүзеге асырылатын жол.

5.11.2. "Айналыс жасауға арналған белдеу". Айналыс жасауға арналған белдеудiң ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.

5.13. "Трамвайдың аялдау орны".

5.19.3. "Тұйық". Тура жол жүру жоқ жол.
6. Сервис белгілері

6.11. "Демалыс орны".

6.9. "Қонақ үй немесе мотель".

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету

6.13. "Көлiктiк бақылау бекетi".

6.8. "Ауыз су".
7. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)

7.16. "Ылғалды жабын". Белгiнiң жүргiн бөлiктiң жабыны ылғал уақыт кезеңiнде қолданылатындығын көрсетедi.

7.7. "Жұмыс iстемейтiн двигателi барларға арналған тұрақ". 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұраққа тек двигателi жұмыс iстемейтiн көлiк құралдарын тұраққа рұқсат ететiндiгiн көрсетедi.

7.5.1. "Сенбi, жексенбi және мереке күндерi".

7.18. "Мүгедектерден басқа". Белгiлердiң "Мүгедек" айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге қолданылмайтындығын көрсетедi.

7.19. "Қауiптi жүк сыныбы". 19433-88 ГОСТ бойынша қауiптi жүктердiң сынып (сыныптарының) нөмiрiн көрсетедi.
Құрылыс алаңынан өтіп бара жатқан қазақстандықты өлімнен бір хабарлама құтқарып қалды