AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жыртылған ту үшін шенеуніктен ақша талап етіп, бопсалаған": Шымкенттік блогер ұсталды

Шымкенттік блогер Ғани Өмірәлі жыртылған туды негіз етіп шенеунікті қорқытып, ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КазТаг” порталына сілтеме жасап.

"Криминалдық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел шараларды жүргізді. Нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Тергеушілер оның Toyota Camry көлігінен 300 000 теңге көлемінде ақша тәркіледі. Күдікті сот шешімімен қамауға алынды", - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өмірәлінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Шымкент қалалық ІІД криминалдық полициясына лауазымды тұлға хабарласты. Ол өзін блогер ретінде таныстырған адамның жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтты. Өз кезегінде олар мемлекеттік туы жыртылған бейнежазбаны әкімшілік ғимаратқа таратпауға уәде берген", - деп түсіндірді полицейлер.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бопсалау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр