Жириновский ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр көрінеді.
Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болған.
Telegram-арналар ресейлік саясаткердің өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр.
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады