Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жиналғандар мені таптап кетті, құлап жаттым": Ұлттық гвардия сержанты тәртіпсіздіктер кезінде қалай аман қалғанын айтты

Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздік кезінде 69 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері зардап шекті. Қазір олар ауруханалардан емделіп шығуда. Олардың бірі – Ұлттық ұланның кіші сержанты Асхат Намазбаев. Ол қоршауда тұрғанда тыныс алу жолдарын күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Асхат Намазбаев, видеодан скиншот

Асхат Намазбаев 5 қаңтарда Өскемен алаңында не көргенін айтып берді.

“Басында бұл бейбіт митинг болды. Бізге күш қолданбай тәртіпті қамтамасыз ету тапсырмасы берілді, өйткені бұл бейбіт халық еді. Біз қоршауға алып тұрдық. Бір сәтте күтпеген жерден белгісіз адамдар бізге шабуыл жасап, қолына тиген барлық заттар мен тастарды лақтырды”, – дейді Ұлттық ұланның кіші сержанты.

 Оның айтуынша, барлығы стихиялық түрде орын алды.

“Айналадағылардың бәрі төбелесіп, бір-бірін итерді. Мен құлап қалдым, қайта тұра алмадым. Себебі қатты тұншыға бастадым, ауа жетіспеді. Басым айналды, жиналғандар мені таптап кетті, тек әріптестерімнің арқасында мені ауруханаға жеткізді”, – дейді ол.

Талқылау