Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылыжайға түнеймін деп кеткен": Түркістан облысында 73 жастағы зейнеткер он күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 73 жастағы тұрғыны жылыжайдан із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Туыстарының айтуынша, 73 жастағы Айтбай Бұғыбаевтың жоғалғанына 10 күн болған. Зейнеткер өзі жұмыс істейтін жылыжайға түнеймін деп кетіп, қайтып оралмаған. 

“Дербісек ауылында үш күн іздеген. Бұдан соң жан-жаққа, басқа өңірлерде тұратын туыстарына хабарласқан. Мен Арыс қаласында тұрамын. Біз жаққа жиі келіп тұратын. Алайда бізге келмеді, ешқандай хабар жоқ”, – дейді зейнеткердің туысы Жұмагүл. 

Жағдайға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат тек кеше ғана келіп түскен. 

“18 қазан күні Сарыағаш АПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны арызданып, шамамен жасы 70-тен асқан әкесінің 11.11.2021 жылы түскі уақытта үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын айтты. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша тиісті және қажетті шаралардың барлығы басталып кетті”, – дейді департаменттен. 

Қазіргі таңда да аудан полицейлері жоғалған егде жастағы ер азаматты табуға бағытталған іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

“Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандық полиция құрылымдарына жоғалған ер азаматтың ерекше белгілері бойынша хабарламалар жіберілді. Егде жастағы ер адамның үстінде қара түсті шалбар мен күртеше, сұр түсті бас киім болған”, – делінген хабарламада. 

Аталған ер адам бойынша қандай да бір ақпарат немесе мәлімет білсеңіз бірден Түркістан облысы полиция департаментінің кезекшілік нөміріне: 8 725 33 5 97 65 не болмаса полицияның 102 телефонына хабарлассаңыздар болады. Жоғалған егде жастағы адамға қатысты кез келген мәлімет маңызды! 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр