Жылдың үздік спортшылары анықталды
Фото:Stan.kz collage
Елордада ҚР Туризм және спорт министрлігінің дәстүрлі "Үздік-2025" марапаттау рәсімі өтті. бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды.
Шара барысында спорт саласындағы жыл үздіктері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жылдың үздік спортшылары:
• Алуа Балқыбекова – бокстан екі дүркін әлем чемпионы
• Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатының жеңімпазы
• Файна Мейірманова – жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы
Жылдың үздік жаттықтырушылары:
• Долкунжан Камеков – Алуа Балқыбекованың бапкері
• Ғабиден Райымбек – Айдос Сұлтанғалидың бапкері
Спортта үздік серпін:
• Дастан Сәтпаев ("Қайрат" клубының ойыншысы)
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы:
• Ақмарал Ерекешева – көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы
• Дінмұхаммед Раймқұлов – фристайл-акробатикадан тарихи әлем чемпионы
• Ксения Прозорова – ауыр атлетикадан әлем чемпионы
Жылдың үздік спорт федерациясы:
• Қазақстан бокс федерациясы (2024 жылы 4 әлем чемпионатына қатысып, 13 алтын медаль жеңіп алды)
Спорттағы үздік өңір:
• Қызылорда облысы (қалада 11 мың көрерменге арналған футбол стадионы ашылды)
Жылдың үздік спорт ұйымы:
• Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы"
Ауылдық жердегі үздік спорт нұсқаушы:
• Сержан Баденов (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы)
Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі:
• Қарқаралы ауданы (Қарағанды облысы, "Bugyly Trail" халықаралық жүгіріс ұйымдастырылды)
Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы:
• Владимир Шалыгин (Қостанай облысы, шаңғыдан бапкер)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман:
• Мейрам Нуртазин (Астана қаласы)
Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы:
• Хислат Мамметов – әйелдер күресінен U17 санатындағы әлем чемпионы Мадхия Усманованы тәрбиеледі
Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру әдіскері:
• Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы)
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналистері:
• Азат Смағұлов, Әсел Әбілбек, Тұран Қазанға
Айта кетейік, өткен 2024 жылы үздік спортшы атағына Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасына жалғыз алтынды сыйлаған дзюдошы Елдос Сметов және параспорттан Давид Дегтяров ие болған еді.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды

