Жезқазғанда қоқыстан ер адамның бөлшектелген денесі табылды (видео)
Жезқазғанда қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Желіде ер адам мен әйелдің бөлшектелген мәйітті көтеріп апарып, қоқысқа лақтыра салғаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан олардың өз тірлігін тындырып, емін-еркін кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Ұлытау полициясының мәліметінше, қылмысқа күдікті ер адам мен әйел ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мәліметке сәйкес, сол күні таныстар арасында жанжал шығып, соңы адам өлтірумен аяқталған. Екі тұрғын мәйітті бөлшектеп, дәлелден осылай құтылмақ болған.
Кісі өлтіру оқиғасы 30 қаңтарда Байқоңыров көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адамның бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылды.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”