Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күн бойы тау арасында жасырынған: Жетісу облысында 14 жастағы баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Полицейлер Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктегі ер адамды ұстады. Ол екі күн бойы тауда жасырынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: КНБ

Ресми мәлімет бойынша, ол Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде таулардың арасынан ұсталған. Ер адам қазір аудандық полицияға жеткізілді.

"Ұсталған ер адам 7 қазанда 14 жастағы жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қашып кеткен күдіктіні соңғы екі күнде бірнеше ауданның полицейлері мен ІІД-нің жедел уәкілдері іздестірді", - делінген Жетісу облыстық полициясының хабарламасында.

Іздестіру жұмыстарына полицейлер де арнайы техника пайдаланылған.

"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген ер адам  аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілген еді. 

Талқылау