Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатысушы: "Астарлы ақиқат" нағыз жалған бағдарлама, Айгүл Иманбаева да, Дина Төлепберген де екіжүзді адамдар

Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі, Ақтөбе өңірінің тумасы, альфонс атымен танылған Бекзат Жанұзақ өзі жайлы толығырақ айтты. Ол "Астарлы ақиқаттың" былығын ашып, Айгүл Иманбаева мен Дина Төлепбергенді екіжүзді деп атады. 

Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтылды. 

Бекзат Жанұзақты көпшілік тани бермесе де, өз ортасында хайппен танылып жүрген жігіт. Ол Қазақстанда еңбегімен емес, хайппен танылған әлдеқайда тез әрі оңай деп есептейді. Алайда экран ме өмірдегі Бекзаттың екі түрлі адам екенін айтады. 

Айтуынша, көзін ашқаннан жетімдер үйінде тәрбиеленген. Кейін мешіттегі жамағаттың ықпалымен діни ағымда болған. Ораторлығына, есте сақтау қабілетінің жақсы дамығаны себепті кішкентайынан құран жаттаған. Медреседе оқыған. 

Кейін 14 жасынан бастап ҚМДБ рұқсат еткен медреседе оқып, білімін жетілдірді. Ақтөбе, Атырау қалаларының футбол клубында ойнаған. 2014 жылдан бастап Түркияда тұрып жатыр. 

"Мен қазір күйзелісте жүрмін. "Порожняк" деп айттың деп мұрнымды сындырып, өзімді қорқытқан адамдар болды. Сондықтан көрерменге жеке өмірім жайлы ашық айтқым келмейді. Тек айтатыным, жетімдер үйінде өскенмін. Анықтама қағазым бар. Ата-анамды білемін, бірақ араласпаймын. Менде адамдарға деген сезім жоқ. Мен жануарларды ғана жақсы көрем. Бірақ 8 ай ішінде үйленем деп ойлаймын. Алайда қызым жоқ", - деді ол. 

Бекзат бұған дейін "Астарлы ақиқатта" қонақ болған. Пікір-таласқа қатысты. Ол бағдарлама монтаж арқылы өзінің айтпаған сөзін айтқызып қойды деп айыптады. 

"Астарлы ақиқат" өтірік бағдарлама. Бәрі жасанды, жалған, сценарий бойынша құрылған бағдарлама. Дина Төлепбергенді ел керемет журналист көреді ғой. Ол негізі жазып берген қағазды оқып беріп отырған адам. Микрофон арқылы құлағына не айтса, соны жеткізіп тұрады. Ондағы барлық редакторлар екіжүзді. Мені шақырғанда хайп жаса деп өздері ұсыныс айтты. Кейін мені басқа жағымнан көрсетіп қойды. Мен айтпаған сөзді айтқан адам секілдімін. Дина Төлепберген секілді Айгүл Иманбаева да екіжүзді адам. Шегіртке дегені үшін Ахметбек Нұрсиланы сотқа берем, моральді өтемақы талап етем дейді. Мен де айтар едім сізге екіжүздісіз деп. Себебі ұйымдастырған гифке қарап солай айтуыма әбден болады. Ал, сотқа берсеңіз айыппұлыңызды төлеп құтыла саламын", - деді Бекзат. 



Мұнымен айтпағы, әншілер неге әнін жазып, абыроймен ақша таппасқа дегені. Гиф, хайп дегендер 19 жасар жігітке ғана жарасады дейді.

"Маған хайп жасауға болады. Ал, халық сыйлайтын беделі бар әншілер гиф жасап неге жеңіл ақшаға құмартады? Неге елді айлдайды? Әншінің жағдайы жоқ, ұтыстан басқа ақша таппайды деген сенетін нәрсе емес қой", - деді ол.

Бекзат хайп жасап танылмасам, басқаша жол жоқ дегенді айтты. 

"Мен бала күнімнен шетелде жұмыс істеп, екі жылда 30 млн ақша таптым. 18 жасымда қайырымдылық жасадық. Басқа да жақсы қырларым арқылы, мәселен, 5 тіл білетін қазақ баласы деп ешкім мені көкке көтерген жоқ. Мені бағдарламаларға шақырған жоқ. Сондықтан хайп жасап танылуға тура келді. Себебі Нұрлан Қоянбаев секілді, Иван Ургант секілді белсенді болғым келеді", - деді. 

Бекзат Жанұзақ өзінің қандай діни ағымдарда болғанын ашық айтпайды, алайда кей адам тұспалдағандай психикалық аурумен ауырмайтынын ашық айтты. 

"Менің жынды деген қағазым жоқ. Бала күнімде ересектердің ықпалымен Қазақстанда рұқсат етілмеген сектада болдым. Оның атын атағым келмейді. Кейін көзқарасым өзгерді. Ол кезде Алла ризалығы үшін деп кафелерді тазалайтынбыз, дәретханаларды жуатынбыз. Кейін дұрыс медреседе білім алдым", - деді ол. 

Бекзат мұнай компаниясында жұмыс істеген, Түркияда ірі компанияда гид қызметін атқарған. Түркияда оқуға түсіп, шәкіртақымен күнелткен. Алайда Түркияның азаматтығын алмайтынын жеткізді. 

"Мен қазақпын. Қазақстанның азаматымын. Қазақ қызына үйленем. Өзім көп нәрсе көргендіктен жақсы әке болам деп ойлаймын", - деді ол. 

Талқылау