AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеті жасымнан қазақша сөйлеймін, қазақ тілі туған тілімдей": Кәсіпкер орыс жігіт не үшін мемлекеттік тілді үйренгенін айтты

Юрий Михуля – 21 жастағы азамат орыс ұлтынан бола тұра, қазақ тілін ана тіліндей көреді. Орта, жоғары білімді қазақ тілінде алған ол Қазақстанның жүз жаңа есіміне енген. Юрий мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, белсенділік танытып, бірқатар белестерді бағындырып үлгерген. Қазақтың ұлттық аспабы қобызда ойнайды.  Қазір кәсіпкерлікпен айналысады. Қарағанды қаласының әкімі болып та көрген. Stan.kz тілшісі патриот жігітпен тілдесіп, кәсібінде қазақ тілін білуі қалай көмектесіп жатқанын сұрады. 

Юрий Михуля

Юрий 2000 жылы Алматы облысы Талғар қаласында туған. Айтуынша, осы уақытқа дейін білім деңгейінің бәрін қазақ тілінде алған. 

“2006 жылы Әлихан Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебіне түсіп, 9 жыл оқып, бітірдім. Онымен қоса музыкалық білімім де бар. Орта білімді колледжде іс қағаздар және мұрағаттану мамандығы бойынша алдым, ал қазір Қарағанды мемлекеттік университетінде мемлекеттік істі басқару бойынша жоғары білім алып жатырмын”, – дейді ол. 

Білім алып жүріп кәсіппен айналыса бастаған орыс жігіт қазақ тілі күнделікті тіршілігіне ауадай қажет дейді.

“Көлік базарында жеке кәсіпкерлік аштық, саудамен айланысамыз. Күнделікті қазақ тілінде сөйлеуім кәсібімді дөңгелетуде жақсы әсер етеді. Адамдармен қазақша сәлемдесемін, барлығы таңғалып жатады. Әңгімеміз ары қарай қазақ тілінде жалғасып кетеді. “Ассалаумағалейкум!” деп амандасқан қазақтарға  “Уағаллейкумассалам” деп жауап берген кезде көңіл күйлері көтеріліп қалады”, – дейді  ол.

Юрий қазақ мектебінде оқуды өзі қалаған.

“Анамның айтуынша, мен өз еркіммен қазақ мектепке барамын, мемлекеттік тілді меңгеремін деп шешкен екенмін. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде бірде-бір қазақша сөз білмейтінмін. Алғашқы ұстаздарым мемлекеттік тілді үйретті, оларға алғысым шексіз. Бастапқыда жан-жағымда не әңгіме болып жатқанын түсінбейтінмін. Ұстаздарымның төзімділігінің арқасында, қосымша сабақтарға жиі қатысып тілді жақсы меңгеріп кеттім. 

Шынымды айтсам, қазақ тілінің грамматикасы туған тілімдей болып көрінеді. Мен оны ешқандай тілмен салыстырмаймын. Өмір бойы сөйлеп келе жатқан тілім қазақ тілі болғандықтан, туған тілімдей үйреніп қалдым. Жеті жасымнан шала сөйлесем, сегіз жасымнан бастап қазақша таза сөйлей бастадым”, – дейді ол.

Юрий университетке қабылдау емтиханында қазақ тілі мен әдебиетінен жүз пайыз нәтиже көрсеткен екен. "Жастар өзін-өзі басқару күні" атты 63 адам бақ сынаған байқауда топ жарып, эссе жазып шығып, төрешілерді таңғалдырған. Аталмыш байқау нәтижесінде Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров студентке өз креслосын беріп, Юрий бір күн бойы әкім болып көрді. 

Биыл Юрий университетті бітіреді. Дипломын қазақша жазып жатыр. Оның сегіз қырлы бір сырлы жігітке тән тағы бір өнері бар, ол қазақтың ұлттық аспабы – қобызда ойнай алады. 

“Мектепке мұғалімім қобызды қолына ұстап тартқанда қобыздың қоңыр үні баурап алды. Осылайша қобызды үйренем деп шешкен едім”, – дейді жас жігіт.

Оның сөзінше, бастапқы мақсаты – мемлекеттік қызметкер болу.

“Осы мақсатта көптеген жұмыс істеп жатырмын. Мемлекеттік тілді білу мақсатында бірқатар жетістіктерге жеттім деп айта аламын. Болашақта қаламыздың, облысы, республиканың дамуына осы арқылы үлес қосамын деп ойлаймын”, – дейді Михуля. 

Жас жігіт қазақ халқынан қонақжайлықты бойға сіңіргенін айтады.

“Үйге кісі келгенде төрге отырғызамыз, жылы қарым-қатынас ұстауға тырысамыз. Қазақтардың тәлім-тәрбиесінің орны бөлек. Үлкен кісіге деген құрметін бағалаймын, бұл тәрбиенің бір бөлігі”, – дейді ол.

Юрий қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік көп дейді. Ол Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйренуге шақырады. 

“Қазір оқуға мүмкіндік көп. Курстар бар. Адамда ниет болса болды. Президентіміз айтқандай, ешқашан ештеңе үйренуге кеш емес деген сөзіне қосыламын. Барлық өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйренуге шақырамын”, – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр