Желіде Карина Мамаштың дипломат күйеуі ұрып-соғып жатқан видео кадрлары пайда болды
Желіде БАӘ елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелі Карина Мамаштың соққы алған кадрлары пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото желі кадрларынан
Видео кадрларын Qumash Telegram арнасы жариялады.
“Оның бұрынғы күйеуі, Instagram-да өткен сәттердің тәтті кезеңдерінің суретін жариялап, жұртшылыққа бақытты кездерін көрсетуде. Одан бөлек, біреу Facebook-те Каринаның бұл өмірді бағаламағаны және бәріне өзі кінәлі екендігі туралы ұзақ пост шығарған. Осылайша барлығы виктимблейм жасау арқылы авторға қолдау жасайды”,- делінген видео астындағы жазбада.
Осыдан соң Карина БАҚ мамандарына ұрып-соққан кезіндегі видеоларын жіберген екен.
Еске салсақ, Осыған дейін Карина Мамаш өзіне зорлық көрсеткен күйеуінің туыстары арызын алуға бопсалап жатқанын айтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады