Желіде Головкиннің егізінің суреті пайда болды (фото)
Ли Фроч қоғамдық көлікте ұйықтап жатқан Головкинге ұқсайтын адамның суретін жариялады.

Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.
Британиялық боксшы Карл Фрочтың ағасы өзінің Twitter парақшасында Генадий Головкинге ұқсайтын адамның суретін жариялады.
Ли Фроч суреттің тұсына “Ол кіммен төбелескен?”, “Тым кішкентай ғой өзі”, “Аса мықты емес” деп жазып қойған. Басылымның хабарлауынша, сурет боксшылар арасындағы жанжалдан кейін жарияланған,. Головкин Ли Фрочты “көп сөйлейтін сайқымазаққа” теңеген екен. Мансабын аяқтап қойған 39 жастағы британиялық боксшы өз кезегінде оған жайына жүруге кеңес берді.

Ресейлік журналист Александр Беленьковтың айтуынша, Карл Фроч – қазақстандық боксшыға лайық қарсылас.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады