Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас қызды ұнатпаған Амантай қажы тағы да тоқал іздеп жүр

Күні кеше жұрт Амантай қажы тоқал алды деп шулаған-ды. Десе де, жас бойжеткен қажының көңілінен шықпаған сыңайлы. Себебі, ол әлі де тоқал іздеп жүр.

014ea4be-6ad9-47ad-b5d7-0c4af90b0b70

Бұл туралы Мұхит Сапарбаевтың “Басты қаһарман” бағдарламасында айтылды.

Амантай қажы өзін Қабанбай батырдың тікелей ұрпағымын деп санайды. Инженер-механик мамандығы бойынша білім алған Амантай қажы бір кездері Алматы қаласында ВАЗ көлік орталығын басқарған. Алайда осыдан 20 жыл бұрын Меккеге барып келген соң, қажының өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Бұрынғы жұмысынан бас тартып, түрлі қарсылық науқандарын ұйымдастырады.

“Анам дінге берілген адам. Өзінің көріпкелдік қасиеті де бар. Ол үнемі маған “Сен өзімшіл болып кетпе. Үй-күйі жоқ, бақытсыз жандарға көмектес. Сені алда үлкен жетістіктер күтіп тұр деп айтатын”, – дейді Амантай қажы.

Биыл Амантай қажы 75 жасқа толып отыр. Ол анасының көріпкелдік қасиетінің өзіне де жұққандығын айтады. Меккеге 10 рет барған. Бүгінде 5 уақыт намазын қалдырмай оқиды. 1990 жылдан бастап Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің арасында түрлі акциялар ұйымдастыруда. Мұнымен қатар, 1999 жылдан бастап өзін президенттікке ұсынып келеді.

Қажы көше бойына “Аттан” сөздерін жазумен қатар, ағаш басына шыққанды ұнатады. Десе де, бұл трюкті ол соңғы 3 жылда жасамаған екен. Мұхит Сапарбаевтың бағдарламасына арнап 30 метрлік ағаштың ең биік шыңына шықты. Мұнымен қатар, аталған бағдарламаның ұйымдастырушылары оны Моля есімді жас қызбен таныстырған. Қажының өзі Аллаға сенетін, пәк қызды қалайтын көрінеді.

Алғашында қажы бойжеткенді көріп сасып қалады. Оны көре салысымен жүзіне күлкі үйіріліп, қатты ұялады. “Барлығы бірден болып кетпейді. Мұның қалай?! Әлі көру керек. Бұл қыздан Жаратқан шапағатын аямасын. Бәлкім мен де оған лайық емес шығармын. Бұл жерде менің ғана қалауым жеткіліксіз. Арада махаббат пен екі ғашықтың арасындағы ерекше байланыс болуы тиіс”, – дейді Амантай қажы.

Осы уақытқа дейін қажының 4 әйелі бар екен деген қауесет таралған-ды. Десе де, ол осы күнге дейін бір ғана әйелмен көңіл жарастырғандығын айтуда. Моля мен Амантай қажы түсірілімнен кейін Арбатта тағы бір мәрте жолығады. Осы кезде ол жас бойжеткенге сыйлық береді. Десе де, бұл бойжеткен көңілінен шықпаса керек. Себебі, ол әлі де тоқал іздейтіндігін айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Қыдырәлінің “тоқалын” жұрт алдында Қарақаттың өзі көрсетті (видео)

Қазақстандық тоқалдар өздерінің егде жастағы күйеулерін қалай “пайдаланатынын” айтып берді

Қазақстандық блогер тоқал мен ашынаны ажыратып алуды ұсынды

Талқылау