Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарыссақ, орын бермейміз": Желіде қалыңдық көйлегіндегі алып торт қазақстандықтарды таңғалдырды

Желіде қазақстандықтарды қалыңдық көйлегіндегі алып торт таңғалдырды. Видеода қалыңдық етегіндегі тортты кесіп көрсетеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz порталына сілтеме жасап. 

Той көйлегіндегі қалыңдықтың етегі түгелдей торт болып шықты. Бұл тойдағыларды ғана емес, желі қолданушыларын да таңғалдырды. 

Бұдан соң пікір білдірушілердің ойы екіге бөлінді: “Бұл тортты жасаған шеберге сөз жоқ. Бірақ қалыңдыққа сұрақ туындап тұр. Бұл нені білдіреді? Тым артық кеткен секілді”, “Қалай дегенмен нан ғой. Нанды қорлап!”, “Бәрібір торттың ішіндегі адамның әтір иісі болуы мүмкін, ол тағамға сіңіп қалмай ма?”, “Егер мақтану жағынан қазақтар жарыссақ, орын бермейміз”, “Мұндай деген Қазақстанда жоқ қой”, “Әдемі, ерекше, керемет, сөз жоқ”, – деп жазды олар. 

Тортты дайындаған Самал есімді кондитер нан жерге тапталмағанын жазды.

"Түсінген адам түсінеді, бұл – шетелден келген идея. Бірақ осыны бір қайталап көргенге өте қуаныштымын. Өте көп уақыт және күш жұмсалды. Бұл –  таза еңбек. Нан жерге тапталған жоқ. Көзбен көрген тіпті басқаша әсер. Мені қолдап жатырған оқырмандарым, сіздерге рахмет. Әлі талай әлемдік деңгейге жетуге бұйырсын", – деді ол.

Талқылау