«Жарайсың, Әнел»: Тоқаев Ла-Манш бұғазын бағындырған қазақстандық спортшыны құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы Әсел Сытдықованы құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде президент Әсел Сытдықованың Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен тұңғыш қазақстандық екенін атап өтті.
«Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!» - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.
Еске сала кетсек, Әнел Сытдықова ұзындығы 38 шақырымды құрайтын Ла-Манш бұғазын 15 сағатта гидрокостюмсіз жүзіп өткен еді. 40 жастағы спортшы бұғазды бағындырып, мақсатына жеткеннен кейін, Францияда Қазақстанның туын желбіретті.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"