Жапониялық жас жұбайлар үйлену тойына Роналдудың жейдесін киіп шықты
Жапониялық жаңадан үйленген екі жас үйлену тойына Криштиану Роналдудың жейдесін киіп шықты.

Сурет vk.com
Криштиану Роналдудың жапондық жанкүйері өміріндегі елеулі күнде, əдеттегідей смокингтің орнына Роналдудың жейдесін киіп халықты таңқалдырды.
Акихиро (күйеу жігіт) үш дүркін Алтын Доп иегерінің бұрыннан келе жатқан жанкүйері болғандықтан, үйлену тойына Роналдудың жейдесін киіп шыққаны жайлы мəлімдеді. Акихироның жары Мика: “Оған Роналду ұнаса, Роналду маған не себепті ұнамау керек?” деп жұбайына қолдау көрсетті.
Үйлену тойынан кейін, жас жұбайлар бал айын Парижде өткізуге аттанып кетті. Бүгін Португалия ұлттық құрамасы Австрияға қарсы ойын өткізеді. Бұл ойынды Акихиро мен Мира трибунадан бақылайтын болады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды