Әлемнің ең қарт тұрғыны қайтыс болды
Әлемнің ең қарт тұрғыны жапондық Ватанабэ Титэцу 112 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмды. 12 ақпанда Ватанабэ Титэцу Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірді.
Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген және 20 жасында Тайваньға көшіп, онда 18 жылын өткізген. Кейіннен Жапонияға қайта оралған.
Титэцудан бұрын 2019 жылы 20 қаңтарда 113 жасында қайтыс болған Хоккайдо тұрғыны Масазо Нонака әлемдегі ең қарт адам болып саналды.
Әлемнің ең қарт тұрғыны қазақ әйел Танзиля Бисембеева 57 жасына дейін бала туған
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады