Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансақтау бөлімінде көз жұмды: Ақмола облысында зейнеткерді аяусыз ұрып соқты

Ақмола облысында екі ер адам төбелесіп қалды. Оқиға салдарынан 65 жастағы ер адам жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзіне пышақ сұғып алып, газ баллонын жарып жіберетінін айтқан: Талдықорғанда полиция ер адамды құтқарды

Облыстық полиция департаментінде нақтыланғандай, 21 қарашада Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көп салалы облыстық аурухананың медбикесі хабарлама жіберді. Оның айтуынша, 10 қараша күні медициналық мекемеге "периобиталды сүйектің сынуы, төменгі жақ сүйегінің сынуы" диагнозымен түскен 65 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

10 қарашада ер адамдар бірге ішімдік ішіп, соңы жанжалға ұласқан. Ақмола облысының 50 жастағы тұрғыны марқұмның денесіне зақым келтіргенін анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау