Жанкешті үйлену тойында өзін-өзі жарып жіберді
Сирияның Эль-Хасаке қаласының солтүстігінде үйлену тойының үстінде жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып жіберген.

Фото: baltalife.org
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Оқиға салдарынан 22 адам қаза тауып, 30-дан астам зардап шеккен. Қала басшысы Зааль Аль Алийдің айтуынша, үйлену мекемесі қаладан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, жараланғандар саны 50-ге жетеді.
Дүйсенбі күні Сирияда тағы бір жарылыс болған. Хама қаласындағы жарылыс салдарынан 12 адам ажал құшты. Бұл жарылысты да жанкешті ұйымдастырған.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен