Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская құлақ мүкістігі бар алматылық әйелге есту аппаратын сыйлады 

Қайырымды жандар жанымызда! Жәния Джуринская 37 жастағы әйелге есту аппаратын алып берді. Осылайша актриса бір оқырманының арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер күн бұрын Жәния Instagram-да пост жариялап: 

"Кішігірім арманыңызбен бөлісіңізші. Мүмкін мен оны орындай аламын", – деп жазған еді. 

Жәнияның бұл постына 3 мыңға жуық жан тілегін қалдырған. Актриса солардың арасынан Айым есімді оқырманның пікірін таңдаған. 
Айым құлағы нашар еститін қайын әпкесіне есту аппаратын алып бергісі келген. 


"Өзім кеттім, өзім келдім": Танымал блогер күйеуімен қайта қосылғанын мәлімдеді


"Алматыда тұрады, өзі талантты, киім тігеді. Бірақ тапсырыс қабылдай алмайды, себебі клиенттермен келісу оңай емес. Қазір ол үй тазалап, үй иелері қанша ақша берсе де, алып жүре береді", – деп жазған Жәнияға жолдаған хатында Айым. 

Ақырында Джуринская 37 жастағы Ырысгүлге есту аппаратын алып берді. 

"Қайырымдылық жасағанымды жария етейін бе, жоқ па деп үнемі ойланамын. Өз басым құпияда ұстағанды жөн көремін. Бірақ блогер болғандықтан, көпшілікке үлгі болып жүргендіктен, жариялаған да дұрыс шығар", – деп бөлісті Жәния Stories-те.  
 

 

Талқылау