Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, соны видеоға түсірген
Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапты деп құрбысын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алды. Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арызданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Маңғыстау облыстық сотының іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, кіре беріске шығуын өтінген. "Неге маған жала жабасың?" деген ол ұрып-соғып, мұны видеоға түсіріп алды.
Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.
Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды”, – деп хабарлады сот.
Апелляциялық шағым берудің соңғы мерзімі – 3 желтоқсан.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"