Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Шәріп “Шако”: актер болатынымды бір бақсы болжаған

Инстаграм желісінде вайн түсіріп аса танымалдылыққа ие болған Серік  Шәріп бүгінде шығармашылық өнерін отандық киноларда байқап көріп жүр. Жақында шыққан қазақстандық «Махаббат кафесі», «Бизнесмены» және «Районы» фильмдерінде басты рөлдерді сомдап үлгерген жаңа таланттың өмірі бүгін көбінің қызығушылығын танытуда. Осы орайда Stan.kz агенттігі Серік Шәріптің The Эфир бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді ұсынады.

Жаңа актер "Шако": актер болатынымды бір бақсы болжаған

Өзін таныстырған кезде көбінің есімі мен тегін шатастыратынын айтқан актер есімінің Шәріп екенін атап және бұл есімнің атасының құрметіне қойылғанын жеткізді. Ауылдағы келіндер атасының атын атамайды деп, өзін «Шаконя» деп кеткенін де қосты.

Шығармашылық салаға қалай келгенін баяндаған Шако бақсыларға барғанын жасырмай мойындап және өзінің болашағын болжаған әйел туралы айтты.

«Мен бір әйелге кіргенде ол кісі маған үш жақты адам көріп тұрған сияқтымын деді. Көптеген образдар сенің ішіңде барын көріп тұрмын деп еді», – деп ағынан жарылды.

Өнер жолын таңдағанына сенімсіздік танытқан ата-анасына өзінің жақсы актер екенін әлі күнге дейін дәлелдеп келе жатқан Шәріп, олардың 100 пайыз сеніміне әлі де ие бола қоймағанын айтты. Тіпті анасы кино саласында Оскар сыйлықтарына ие болса да ұлының заңгер болғанын қалаған екен.

Кино саласына жол салған Шәріп, актерлікті өз бетімен үйренгенін тағы мәлімдеді. Осыған қатысты көптеген туындыларды оқып, талпынған жас жігіт қазақстандық фильмдердің Голливуд кинолары сияқты деңгейге жетуіне әлі бірталай бар екенін де айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау