Жәмила Бақбергенова халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық әйелдер күресінің көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова халықаралық турнирде топ жарып, алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәмила Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде әйелдер күресінен 72 келіде ел намысын қорғады.
Ол жарыс жолында барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, шашасына шақ жұқтырмады. Ал алтын жүлде үшін айқаста моңғол қызы Болортунгалаг Зоригт тізе бүктірді.
Бұдан өзге 2026 жылдың алғашқы ресми халықаралық жарысында ел қоржынына тағы екі жүлде түсті.
Олар 55 келіде Лаура Алмағанбетова мен ал 59 келіде белдескен Виктория Хусаинова күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы, үш рет Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Ол елімізде әйелдер күресінен тұрақты түрде табысты өнер көрсететін санаулы спортшының бірі.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты