Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдағы жарылысты сөндіруге барған екі өрт сөндірушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбылдағы жарылыс жалынын сөндіруге барған екі өрт сөндірушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеуге ілінгендер қатарында Асыл Мұхамеджанов пен Мансұр Шайкрамов бар. Өрт сөндірушілер әділдік сұрап, президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Aibat” басылымына сілтеме жасап.

(Суреттегі – Асыл Мұхаметжанов)

Осыған наразы Асылдың ата-анасы да ақпарат құралдарынан араша сұрап, президентке үндеу жолдады. 

Жарылыстың жалынын сөндіруге барғандардың бірі Асыл Мұхаметжанов. Өрт сөндіруші күдікті ретінде тергеліп жатыр. Жарылыстың салдарынан ол жұмысқа жарамсыз болып қалған. 

“Менің іс әрекетімде салғырттық жоқ екені куәгерлер жауабымен дәлелденіп отыр. Алайда әскери тергеу басқармасы маған қатысты қудалауды тоқтатпай отыр. Жарылыс орнына өмірімді қатерге тігіп барған кезде, алған алғысым осы болып отыр. Қазір жарылыс салдарынан жұмысқа жарамсыз болып қалдым”,  – дейді Асыл Мұхаметжанов.



Асылдың ата-анасы да әділдік сұрайды.

“Жарылыс болған жерде төрт адам басшылық жасады. Екеуі көз жұмды, екеуі тірі қалған. Тірі қалған екеуін қудалап жатыр. Жұмысын адал атқарғаны үшін кінәлі болып отыр”, – дейді Асыл Мұхаметжановтың әкесі.

Прокуратура қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Салғырттық” дерегі бойынша төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері Шайкрамов Мансур Закирұлы және Мұхаметжанов мырзаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 371 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталған. Әлі аяқталған жоқ”, – дейді Жамбыл облысы прокуратурасының бірінші басқармасының аға пркуроры Дархан Сатыбалдиев.

Талқылау